Жаңалықтар

Қазақстан ЕО-мен стратегиялық серіктестікке баса мән береді – Тоқаев

Токаев назвал сотрудничество с ЕС приоритетным

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті. Кездесу барысында ол Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті.

Кездесу «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті аясында өткен.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты», деліген Ақорда таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Президент ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы екенін атап өткен.

Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өткен

Сондай-ақ олар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласына жұмыс сапарымен барды.

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады.

Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында Си Цзиньпинпен кездесуі барысында Қазақстан инвестиция саласында Қытаймен белсенді серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барып, ЕАЭО аясындағы интеграция туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие екенін атап өтті.