Фото: kursiv.media
Қазақстан мұнай өндіруді қысқарту туралы шешімнің қолданыс мерзімін 2024 жылға дейін созады. Бұл жайлы Энергетика министрлігінің баспаөз орталығы хабарлады.
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдермен келісе отырып, сәуір айында 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін мұнай өндіруді тәулігіне 78 000 баррельге қысқартатынын жариялаған болатын.
Бұл ерікті қысқарту 2023 жылдың 4 маусымында ОПЕК+ министрлерінің 35-ші кездесуінде келісілген өндіріс мөлшерінің қажетті деңгейінен асып түседі.
ОПЕК+ құрамындағы Ресей мен Сауд Арабиясы сынды бірқатар мемлекет «мұнай нарығының тұрақтылығын қолдауға бағытталған алдын алу шарасы ретінде» мамыр айынан бастап жыл соңына дейін мұнай өндірісін қысқартатынын мәлімдеді.
Қазақстан да мамыр айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартатынын хабарлаған.