Жаңалықтар

Инвесторлар назары – Apple-дің жаңа өнімінде: АҚШ индекстері 0,1-0,5%-ға төмендеді

Фото: unsplash

Маусымның бесі Америка құрама штатттарының (АҚШ) қор нарығы 0,1-0,5%-ға құлдырады. Өсімге Дүниежүзілік бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер конференциясында (WWDC) ұсынған жаңа өнім – Apple көзілдірігі әсер етті.

Dow Jones өнеркәсіп индексі – 0,5%, ауқымды нарық индексі S&P 500 – 0,2%, технологиялық Nasdaq Composite 0,1%-ға құлады.

Инвесторлар мен трейдерлердің басты назары – Apple Дүниежүзілік бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер конференциясында (WWDC) болды. Технологиялық алыптың жаңа өнімі нарық қатысушыларының көңілін көтере алмады. Компания құнды қағаздарының бағасы 0,8% – 179,6 долларға дейін төмендеді. Акциялардың арзандауы тек Nasdaq индексінің төмендеуіне ғана әсер етпей, S&P 500-ді де құлдырата алды, деп Barron’s сайты хабарлауда.

Оның себебі – индекс ішіндегі компания капитализациясының үлкен көлемінде. Мысалы, Dow Jones Market Data ақпараты бойынша, S&P 500 индексінің 7,5% капитализациясы дәл Apple компаниясына тиесілі. Демек, акция бағаларының қандай-да бағытта қозғалуы индекстерге әсерін тигізе алады.

Келесі аптада қор қатысушыларының назары инфляция жайындағы ақпаратқа ауыспақ.