Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай көмірден синтетикалық мұнай өндіруді бірлесе жүзеге асырады

Фото: kursiv.media

Қытайлық компаниялар Қазақстанмен көмір-химия өнеркәсібін дамытуда, оның ішінде көмірден отын өндіруде ынтымақтастыққа дайын, деп хабарлады «Курсив» басылымына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.

«Көмірден синтетикалық мұнай алуға қатысты мысал келтіретін болсақ, мұнай өңдеу зауыттары өңдейтін 20 миллион тонна мұнайды алу үшін шамамен 40 миллион тонна көмір қажет. Біз бәрін отын эквивалентінде есептейміз», деді Жолмағамбетов.

Оның айтуынша, Қытай жылына 400 миллион тонна көмір өңдеп, 200 миллион тонна отын мен 30 миллиард текше метр газ және басқа да өнімдер шығарады. ҚХР көмірді басқа елдерден импорттайды. Ол елдегі өндірілетін көмір көлемі сұраныстың бір бөлігін ғана қамтиды. Бірақ соған қарамастан, өндірістің жоғары рентабельділігі аясында қытайлық көмір химиясы дамып жатыр. Ал 300 жылдан астам көмір қоры бар Қазақстанда көмірдің арзандығын ескерсек, мұндай іс-шаралар инвесторлар үшін тартымды сала болуы мүмкін.

«Олар көмірді тоннасына 150 доллардан сатып алады. Соған қарамастан, көретін табыс көлемі жоғары. Ал біздегі бағалар сапасына қарай 12 доллардан басталады. Сондықтан да бұл саланың келешегі зор», дейді комитет өкілі.

Көмір химиясы отынмен қатар, Қазақстанды газбен және тыңайтқыштармен де қамтамасыз ете алады.

«Елімізде сұранысқа ие газ синтезін ала аламыз. Ал газдан химиялық қоспа аммиакты өндіре аламыз. Яғни тыңайтқыштар және т.б заттар өндіруге жол ашылады. Біз осы жалдын бастап, көмір химиясы саласын дамытуды қолға аламыз. Біз Қазақстанда әзірге дамымаған көмір-химия саласын жетілдіру үшін барынша жағдай жасауды жалғастырамыз», дейді комитет төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстанда көміртегі шығындыларын азайту үшін көмірді аммиакпен жағуға болады.

«Жапонияда 2011 жылы Фукусима апаты болған кезде олар көмір зауыттарын сақтап қалып, СО2 шығарындыларымен күресе бастады. Онда көмірді аммиакпен жағуа басталды. Олар 20/80 арақатынасында жағып, осылайша ауаға бөлінетін көміртегі көлемін 40%-ға дейін азайтты. Олар көк аммиак деп аталатын затты пайдалана бастады», дейді Жолмағамбетов.

Көмір-химия кәсіпорындарын ыңғайлы болу үшін істеп тұрған көмір шахталары маңынан салу керек деп санайды.