Фото: kursiv.media
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Бұл шешімнің себебі айтылмаған. Аружан Саин балалар омбудсмені қызметін 2019 жылдың шілдесінен бері атқарды. ОЛ 1976 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақстанда әртүрлі ойын-сауық бағдарламаларының тележүргізушісі ретінде танымал. 1994 жылы «Аружан және Компания» продюсерлік орталығын ашады. 2006 жылы «Милосердие» қайырымдылық қорын құрды. Қор балалар үйлеріне және сырқат балаларға көмек көрсетумен және Қазақстаннан да тыс жұмыс атқарады.
Оның орнына Президент Динара Болатқызы Зәкиеваны тағайындады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген. Бейжің Тіл және мәдениет институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары министрлікте, партия қатарында жұмыс істеп, жеке кәсіппен де айналысқан.
2017-2019 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры болды. 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы қызметін атқарған. Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.