Жаңалықтар

«Екібастұзжылуэнерго» Екібастұз әкімдігіне 22 млн теңгеден астам шығынды өтейді

Қыс кезінде жылу беру тоқтатылып, тұрғындардың жылусыз қалуына байланысты Екібастұз қаласының әкімдігі тарапынан жұмсаалған шығынды өндіріп алу мақсатында әкімдік «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС үстінен сотқа шағымданған болатын.

Екібастұз қаласын жылумен қамтитын «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-да болған апат салдарынан қала 2022 жылдың 27 қарашасынан бастап, бірнеше күн бойы жылусыз қалған болатын. Апат салдарын жою және жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін қалаға коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыскерлері, оның ішінде еліміздің басқа өңірлерінен де мамандар жіберілді. Апатты жоюға қатысқан жұмысшылардың тамақтануына, тұруына және жанар-жағармай үшін Екібастұз қаласы бюджетінен 22 171 000 теңге бөлінді.

13 маусым күні Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Екібастұз қаласы әкімінің «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не келтірілген шығынды өндіру туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

«Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментімен жауапкердің кінәсі анықталдықтан, қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, одан мемлекет пайдасына 22 170 308 теңге көлеміндегі шығын сомасы өндірілді»делінген Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.