Экология министрлігі NCOC-тың шағымын қанағаттандырған сот шешімімен келіспейді

Жарияланды

Фото: kursiv.media

North Caspian Operating Company шағымын қанағаттандырған сот шешімімен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі келіспейді. Министрлік NCOC-тың шағымына қатысты шешім шығарған Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шағым түсірмек.

«NCOC шағымы ішінара қанағаттандырылды. Министрлік соттың шешіміне жоғары тұрған органға шағым жасалады», деп хабарлаған бейсенбі күні Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

14 маусымда Астана қаласының Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты North Caspian Operating Company консорциумының (Қашаған кен орнының операторы) шағымын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Экологтардың аудиті нәтижесінде компанияға 2,3 трлн теңге айыппұл салынған, бұл сома долларға шаққанда 5,1 млрд долларды құрайды.

Сот шешімімен талап арыздың үш тармағы қанағаттандырылған. Қалған шағымдарын сот қанағаттандырудан бас тартты.

Сот күкірт төсеніштерін гидропленкамен оқшаулау қажеттілігіне қатысты консорциум талаптарды бұзбаған деп таныды. Сонымен бірге аминді тазартуға арналған қосымша сүзгілердің болмауына қатысты экологтардың қорытындысын негізсіз деп таныған.

Сонымен қатар, сот 1,2 миллион тоннадан астам күкіртті кәдеге жарату туралы тармаққа қатысты талапкер уәжімен келіскен.

Соңғы сот отырысы кезінде экологтар аудитінің қорытындысы бойынша айыппұл салу мәселесі қаралмаған, ол тақырып ашық күйінде қалды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өткен жылы тексеру жүргізіп, нәтижесінде NCOC-қа шағым түсірген. Анықталған заң бұзушылықтарға 2,3 триллион теңге көлемінде айыппұл салу көзделген. Айыппұл мөлшерін сот анықтайды.

Наурызда Атырау облысының экология департаменті «Қашаған» операторының «Болашақ» зауытының қоймаларында 1 миллион тоннадан астам күкіртті шектен тыс орналастыруға қатысты бұзушылықтары туралы хабарлаған.

Экологтардың айтуынша, NCOC қоршаған ортаны қорғау жоспарын толық орындамайды: ағынды сулар тиісті тазартусыз булану тоғанына жіберіледі, шикі газ экологиялық рұқсатсыз жағылады.

Бұл ретте консорциумның басқарушы директоры Оливье Лазар БАҚ өкілдеріне NCOC «өз жұмысында ең қатаң экологиялық тәсілдерді ұстанатынын» айтқан.

Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі саналады. Оның мұнай қоры 9-13 миллиард баррельг мұнайды құрайды. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталған.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Қазақстан Қарашығанақ пен Қашаған мұнай-газ кен орындарының операторлары – KPO мен NCOC компанияларын сотқа бергенде, пайда табуды көздемейтінін айтты.

NCOC консорциумының акционерлері KMG Kashagan B.V. (16,877%), Shell (SPB: RDS.A) Kazakhstan Development B.V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B.V. (16,807%), ExxonMobil (SPB: XOM) Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%) и Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%).

Сондай-ақ оқыңыз