Жаңалықтар

«Нұрбанктің» басқарма құрамы өзгерді

Фото: kursiv.media

«Нұрбанк» АҚ басқарма құрамы өзгерді. Директорлар кеңесінің 20 маусымда өткен жиынында С. В. Черенкевич Директорлар кеңесі құрамынан шығару турады шешім қабылданған. Бұл туралы KASE-ге жіберілген ақпаратта жазылған.

«Енгізілген өзгерісті ескере отырып, «Нұрбанк» АҚ Басқармасы төрт адамнан тұрады: Г.А. Мұсатаева, А. Н. Мажуга, Э.О. Қозыкеева, Н.Қ. Толымбеков», – делінген хабарламаа.

Бұған дейін «Нұрбанк» АҚ жай акциялары бойынша 2022 жылға дивиденд төлемейтінін мәлімдеген еді. Акционерлер жылдық жалпы жиналыста былтырғы 3,4 млрд теңге көлеміндегі таза табысын банктің өзінде қалдырды.

«Нұрбанктің» 87,8 пайыз акциясына иелік ететін негізгі акционері – JP FINANCE GROUP LLP ЖШС. 2021 жылы Эльдар Сәрсенов осы компанияның 100 пайыз акциясын сатып алып, банкің ірі акционеріне айналды. Тағы 7 пайыз акциясына JA COLLECTION COMPANY» LLP компаниясы иелік етеді.

Банктің 2023 жыл басындағы жарғылық капталы 147,7 млрд теңгені, ал меншікті капиталы 47 млрд теңгені құраған. Жиынтық активтер көлемін 165 млрд теңге болса, міндеттемелері 418 млрд теңгені құрайды. 2022 жылы банктегі депозит көлемі 2 пайызға қысқарған.

«Нұрбанк» – мемлекеттен көмек алған 6 банктің біреуі.  Ол 2017 жылы қаржылық орнықтылықты көтеру бағдарламасына қатысқан.