Жаңалықтар

Люксембургке әуе рейстері тұрақты ұшатын болды

Фото: ҚР ИИДМ

Қазақстаннан Люксембурге ұшатын әйе рейстері 3 есе өсіп, 21-ге жетеді. Бұған дейін тек чартерлік рейстер ғана орындалатын. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев енді тұрақты әуе тасымалдары жолға қойылатыны айтады, өйткені, Қазақстан мен Люксембург тұрақты әуе тасымалын орнатуға келісті.

Осы келісімге сәйкес елорда арқылы апта сайын транзиттік авиарейс санын үш есе арттыру жоспарланған.

«Сонымен қатар бұрын Люксембургтен орындалатын рейстер аптасына 7 рет болса, енді осы меморандум арқылы олардың көлемі 21-ге дейін ұлғаяды. Бұл негізгі келісім. Франция мен Финляндиядан кейін Люксембургпен «ашық аспан» ережелері аясында ашықтықтың 5-ші деңгейіне қол жеткізіп отырған үшінші ел саналады», -деді министр.

Бұл келісім Қазақстанның авиация саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елімізді Еуропа мен Оңтүстік-шығыс Азия арасындағы кеңістіктегі негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуы тиіс.

Осы рейстерді орындайтын Cargolux компаниясы елордалық әуежай арқылы Люксембургті Қытай және Жапониямен байланыстырады. Үкіметаралық келісім шеңберінде алдағы уақытта екіжақты тұрақты жүк рейстерін аптасына 42-ге дейін ұлғайту көзделген.

«Біз осы меморандумды жасасуды құп көрдік. Өйткені Қазақстанның астанасындағы әуежай арқылы өтетін жүк рейстерінің жиілігін арттырамыз. Болашақта бұл Еуропа мен Азияны байланыстырып, Астана әуежайы арқылы жеткізілетін жүк тасымалы көлемінің артуына әсер етеді үміттенеміз», – деді Cargolux авиакомпаниясының президенті Ричард Форсон.

Cargolux Airlines International S. A. 1970 жылы Люксембургте құрылған. Бұл Еуропадағы ең ірі жүк тасымалдаушы операторлардың бірі саналады. Компанияның иелегінде 30 Boeing 747 ұшағы бар және әлем бойынша 50-ден астам бағытқа рейс орындап келеді. Cargolux Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мүшесі.

Қазақстан мен Башқұртстан арасында әуе қатынасы қайта қалпына келетіні хабарланған.

2023 жылғы 25 шілдеден бастап «Red Wings» әуе компаниясы Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейсімен жолаушы тасымалдай бастайды. Жолаушылар «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерімен екі ел арасында сейсенбі және жұма күндері ұша алады. Яғни ұшу аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.