Фото: kursiv.media
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту мақсатында Қазақстан мен Башқұртстан арасында әуе қатынасын қайта қалпына келтірді.
2023 жылғы 25 шілдеден бастап «Red Wings» әуе компаниясы Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты рейсімен жолаушы тасымалдай бастайды. Жолаушылар «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерімен екі ел арасында сейсенбі және жұма күндері ұша алады. Яғни ұшу аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.
Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Осыған дейін комитет Алматы-Сочи бағыты бойынша да әуе рейстері ашылғанын хабарлады. Әуе рейстерін ресейлік «Азимут» компаниясы 28 маусымнан бастап орындай бастады.