Елдегі жанар-жағар май станцияларына АИ-95 бензинінің бағасын көтермеу ұсынылады. Өйткені бұл сұрыптың бағасын мемлекет бекітпейді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
«95-інші (Аи-95 – Курсив) — бағасы реттелмейтін отын, жанар май станцияларының өздері бағаны өсіре алады. Біз, энергетика министрлігі тарапынан, баға индикаторы тұрғысынан тек ұсыным бере аламыз. Мұндай жұмысты өнім иелерімен (Аи-95 – Курсив) және желілерімен (ЖЖМС желілері – Курсив), ЖЖМ станциясы бар кәсіпорындарымен, дәл осы отын түріне бағаны күрт өсірмеу жөнінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді ол Үкімет кулуарында журналистерге.
Шымкент МӨЗ-ғы апаттан кейін, ол ішінара жөндеу жұмыстарына тоқтатылып, елде Аи-95 бензинінің тапшылығы байқала басталды. Осыған байданысты министрдің айтуынша, ЖЖМС желілерімен осындай жұмыстар жүргізіле бастаған. Сонымен қатар, Атырау МӨЗ – да болған апат салдарынан да бензин өндіру көлемі қысқарған болатын.
Айтуынша, қазір мұнай базалары мен зауыттарды қажетті көлем жинақталған, жергілікті әкімдіктердің сұранысы бойынша осы бензин жеткізіліп жатыр. Сұраныс артқан жерлерде уақытша тапшылық болып қалуы мүмкін екенін ескерткен энергетика министрі, ол ішкі жеткізілімдер есебінен өтелетінін мәлімдеді.
Естеріңізге сала ктесек, 21 маусым күні Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Зауыттың тоқтауына байланысты бензин және дизель отынының 37 мың және 47 мың тонна қоры жинақталғаны хабарланды. Бұл қор зауытты жөндеу кезінде жанармайдың уақтылы жеткізіліп отыруына жағдай жасайтыны хабарланды.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының хабарлауынша бұл жағдай жанар-жағармай нарығына кері әсер етпейтінін хабарлаған болатын,