Жаңалықтар

Клебановқа тиесілі Петропавлда ЖЭО-2 тағы оқыс оқиға, бұл жолы мұржа қисық тұрғызылған

Фото: kursiv.media

Петропалдағы №2 жылу электр орталығында жаңадан салынып жатқан мұржаның осі ауытқып кеткен. Бұл ЖЭО олигарх Александр Клебановқа тиесілі және тура осы жерде 2022 жылдың наурызында ескі құрылыс опырылып, адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды КазТАГ.

«Петропавл 2-ЖЭО-да мұржаның құрылысы – негізгі жобалардың бірі саналады. Ұзындығы 180 метрлік жаңа мұржаның іске қосылуы келесі жылға жоспарланған. 8 тамыз күні «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның жаңа түтін мұржасының құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қадағалауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлері құбыр осінің жобалық позициядан ауытқуын анықтады», делінген «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ хабарламасында.

Бұл нысанның құрылысын жүргізетін мердігер – «ҚазтеплоСПЕЦСТРОЙ» ЖШС-і.

«Құбыр шахтасының құрылысы бойынша жұмыс бірден тоқтатылды. Нысанды зерттеу нәтижесінде конустық сырғанау қалыптарында ақау табылған. Ал құбыр білігі соның көмегімен салынып жатқан болатын. Бұл ақау өз кезегінде осьтің ауытқуына әкеп соққан. Қазіргі уақытта жобалау ұйымы құбыр білігінің рұқсат етілген биіктігін анықтау үшін тиісті есептеулерді жүргізіп жатыр. Содан кейін құрылыс жұмыстары қарай жалғасатын болады. Қазіргі уақытта қалыптарды демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Биіктік белгісін анықталғаннан кейін демонтаждау жұмыстары орындалады. Әрі қарай, қауіпсіздіктің барлық стандарттар мен талаптарды сақтай отырып жаалады. Жаңа қалып қойылып, мұржа құрылысы бойынша жұмыстар қысқа мерзімде қайта басталады», деп мәлімдеген мердігер компания.

Еске салайық, 20 наурызда олигарх Клебанов басқаратын Петропавлдағы 2-ЖЭО-да үш құбырдың бірі жартылай опырылған болатын. Салдарынан бір жұмысшы үйінді астында қалып қаза тапты.

Бұл олигарх Клебановтың бақылауындағы энергетикалық нысандарда соңғы 1,5 жылда болған жалғыз оқиға емес. 2022 жылдың қараша айының аяғында қатты аязда Екібастұз жылусыз қалды. Бұл ЖЭО да Клебановқа тиесілі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алдағы жылыту маусымына дейін Екібастұздағы жылу желілері толық жөнделетінін айтып, өткен жылғы жағдайдың қайталанбайтынын мәлімдеді.