Жаңалықтар

Екібастұзда жылу желілерінің 90%-ы тозған: қала әкімі мәселе қалай шешілетінін айтты

Биыл жылыту маусымында Екібастұз қаласында жылу беру бойынша қиындықтар болмайды. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин айтты.

17 тамызда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Екібастұзға жұмыс сапары барысымен барды. Аян Бейсекин министрге қаладағы жылу желілерінің 90%-ы тозғанын, оларды жаңарту үшін жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екенін айтты.

«Биыл екібастұздықтар жылудан қиындық көрмес үшін барлық тиісті жұмыс қызу жүріп жатыр. Жылу электр орталығында болдыңыз. Әр қазандықтың жөндейтін мерзімі бар. Осы уақытыттың арасында оларды жөндеуді көздеп отырмыз», – деді қала әкімі.

Қала басшысы биыл жылу беру кезінде қиындық болмайды деп сендірді.
Айта кетейік, былтыр қыста Екібастұздағы жылу электр орталығында апат болып, қала халқы жылусыз қалды.

Бұған дейін Орталық Азия энергетикалық компаниясының басқарма төрағасы Бағдат Орал Екібастұз жылу электр орталығына жаңғырту жүргізуге 15 млрд теңге қажет екенін мәлімдеді.