Жаңалықтар

62,5 млрд теңге 7% мөлшерлемемен: ҚДБ өңдеу өнеркәсібі саласына несие береді

Фото: kursiv.media

Қазақстанның даму банкі 62,5 млрд теңге қаражатты 7% мөлшерлемемен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына береді. Бұл жайлы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жылдық 7%-ға дейінгі қол жетімді мөлшерлеме бойынша ала алатын 62,5 млрд теңге мөлшерінде қаражаттың бар екендігі туралы хабарлайды. Қаражат айналым капиталын толықтыруға және отандық шикізат емес тауарлардың шетелге экспортын қолдауға арналған. Қарыздың рұқсат етілген сомасы – 1 млрд-тан 7 млрд теңгеге дейін», делінген баспасөз хабарламасында.

Кәсіпорындар алынған қаражатты шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ өнім өндірумен байланысты ағымдағы шығындарды төлеуге жұмсай алады. Қарыз мерзімі – қаржыландыруды ұзарту немесе бағдарламаға қайта қатысу мүмкіндігімен бір жарым жылға дейін беріледі.

«Бұл бағдарламаның мақсаты – жоғары өңделген өнім шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды қолдау. Бағдарламаның мультипликативті әсері болады. Өйткені тек өнеркәсібі кәсіпорындарын емес, сонымен қатар ілеспе тауарлар мен қызметтердің отандық жеткізушілерді, яғни шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі», дейді ҚДБ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы ұзақ мерзімді және өңдеу секторы кәсіпорындарының, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнім өндіретін кәсіпорындардың қуатын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көрсетілетін қолдау аймақтағы жұмыс орындарын сақтау мен ұлғайтуға демеу болмақ.

Толық шарттар мен қатысуға өтінімді www.kdb.kz Даму Банкінің ресми сайтынан немесе сайтта көрсетілген сілтеме арқылы беруге болады.