Фото: kursiv.media
Еуропалық комиссия Ресей Федерациясына қарсы санкциялар енгізу туралы Кеңес ережелеріне түсініктеме жариялады. Бұл ережеде Ресейден ЕО-ға бірқатар тауар тасуға тыйым салады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.
Түсініктемеге сәйкес, бұл тыйым Ресей азаматтарының көліктері мен бірқатар жеке заттарына қатысты салынған.
Ереже алғаш шыққанда бұл тауарларды Ресейден импорттауда тыйым салынады деп жазылған еді. Енді жаңа түсініктемеде бұл талап тек импорт емес, жеке қолдануға арналған тауарларға да қойылатын жазылған.
ЕК түсіндірмесі сілтеме жасайтын XXI қосымшада автокөліктен бөлек, электроника, алкоголь, темекі өнімдері, косметика, жеке гигиена құралдары, асыл металдардан жасалған зергерлік бұйымдар және т.б. тыйым салынатын жазылған.