Алматыда бір жасыл желекке 2021-2022 жылдары 6000 теңгеге дейін қаражат бөлінген, алайда біразы қурап қалған. Бұл жайлы қалалық экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев айтты.
«Жасыл желектерді қорғаудың бұрынғы ережесіне сәйкес, 2021-2022 жылдары бір жасыл желекке 500-ден 6000 теңгеге дейін қаражат бөлінді. Бұл сомаға екі жыл ішінде жасыл желекті сатып алу, отырғызу және күту кірді. Осы сомаға сатып алынған жасыл желектер тамырланып өсіп кетпеді, 30%-ы қурап қалды. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен бір жасыл желекке арналған бюджет 16 мың теңгеге дейін көбейді. Бұл бағаға жасыл желекті сатып алу, отырғызу және сапалы күтімді қамтамасыз ету, 3 жыл бойы суару кіреді», – дейді Серік Әділбаев.
Жаңа ережеге сәйкес, көшеттердің сапасы, биіктігі кемінде 2,5-3 метр болуы керек, сонымен қатар, егілген ағаштарды жақсылап суару сынды талаптар күшейген. Бұрын мұндай талаптар болмаған.
2022-2023 жылдары күзгі-көктемгі маусымда саябақтарда, скверлерде және Алматы көшелерінің бойында 973 мың көшет отырғызылған. Басқарма басшысы дәстүрлі түрде көшеттер Алматы облысының тәлімбақтарынан сатып алынатынын айтады. Бұрынғы тәлімбақтар қала қажеттілігінің 60%-ын ғана қамтамасыз ететінін ескеріп, биыл көшеттер климаттық жағдайы Алматы қаласына ұқсас Түркістан облысының тәлімбақтарынан сатып алынады. Болашақта Алматы облысының тәлімбақтарынан көшет тапшылығы жоспарлы жұмыс есебінен шешіледі, бұл тәлімбақтардың жүктемесі мен өндірістік қуатын арттыруға, сонымен қатар, ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры Талғат Кертешев көшет егудің жүйесі өзгергенін айтады. Сарапшының айтуынша, Алматыда алғаш рет барлық желектер ғылым талаптарына сай, аймақтың ерекшелігі ескере отырып, қаланың Бас жоспарына сәйкес жүргізіледі.
«Жоспар бойынша қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде көптеген саябақ пен сквер бар, бірінші әр кесілген ағаштың орнына он көшеттен отырғызуды қолға ала отырып, апатты және ескі ағаштарды кесу мәселесі тұр. Ал өндірістік ғимарат пен көлік көп жүретін қаланың солтүстік-батыс бөлігінде, тиісінше, атмосфераны ластайтын зиянды заттар көп болғандықтан, жаңа жасыл желектерді көптеп отырғызу қажет», – дейді Талғат Кертешев.
Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты қарағаштар, емен, үйеңкі, күл, шаған, ал саябақтар мен гүлзарларға – сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары егіледі. Ағаш өсімдіктерінің бұл түрлері тығыз және саялы ағашқа айналып, ластанған ауа ағынын жақсы ұстайды. Негізінен аталық терек сатып алынады, бұл терек мамығының азаюына және тұрғындар арасында маусымдық аллергия деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермек.
Ғалымдардың ұсынысы бойынша биыл Алматының қалалық көгалдандырушылары тек аталық терек отырғызуды жөн санаған. Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнәр Ситпаеваның айтуынша, теректер аталығы да, аналығы да бар екіүйлі өсімдік.
«Аналығы пісіп-жетілген соң көп мөлшерде мамық шығарады, бұл көптеген адамда аллергиялық реакция тудырады. Аталықтары мұндай реакция бермейді», – дейді ғалым.
Отырғызу үшін таңдалған барлық өсімдік көпжылдық сынақтан өтті, қаладағы аязға, құрғақшылыққа және зиянды шығарындыларға төзімділігін көрсеткен.
Егу жұмыстары 20 қыркүйектен басталады. Қала бойынша 298 мың көшет егіледі. Атап айтқанда, Медеу ауданында 22 мың, Жетісу ауданында 16 мың, Түрксіб ауданында 28 мың, Наурызбай ауданында 10 мың, Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында 5 мың, Алатау ауданында 207 мың ағаш отырғызылады.