Жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуына байланысты Құрық теңіз портының түбі 37 метрге тереңдетілмек

Фото: kursiv.media

Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты Құрық теңіз порты акваториясының түбі тереңдетілмек. Жобаға сәйкес, акваторияның түбін Балтық белгісінен -36,5 деңгейіне дейін тереңдету жоспарланған. Бұл бұл жүктерді ауыстырып тиеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, порттың жоспарында жаңа маршруттар ашу, экспорттық әлеуетті арттыру және республиканың көлік қауіпсіздігін арттыру үшін қазақстандық паромдар салу және сатып алу да бар.

ҚТЖ мәліметі бойынша, биыл 8 айда Құрық теңіз порты арқылы шамамен 1,5 млн тонна жүк ауыстырып тиелсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15% жоғары. Оның ішінде 1 млн тонна жүк темір жол көлігімен, 430 мыңнан астамы автокөлікпен жеткізілді. Порт 480 паромды, 13,8 мыңнан астам вагонды, 18 мыңнан астам жүк автокөлігін қабылдаған.

Құрық порты – Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау портының оңтүстігіндегі табиғи шығанақ. Олжыл бойы автомобиль және теміржол паромдарын қабылдауға қабілетті паром кешені. Қазіргі уақытта оның жобалық қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайды.

Порт арқылы қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдері, метал, тыңайтқыш, химиялық өнімдер ауыстырып тиеледі. Қытай мен Орталық Азия республикаларынан Әзірбайжан, Грузия, Түркия порттарына және одан әрі Шығыс Еуропа елдеріне және кері қарай келетін жүктердің транзиті өсіп жатыр. Қазіргі уақытта портта астық терминалының құрылысы жүргізілуде, ол арқылы жылына миллион тоннаға дейін астық ауыстырып тиелетін болады.

Қазақстан Президенті 1 қыркүйектегі жолдауында теңіз инфрақұрылымын дамытуда Құрық портына айрықша мән беру керек деп мәлімдеді.

«Бізге теңіз инфрақұрылымын дамытуға арналған біртұтас жоспар керек. Онда Құрық портына айрықша мән берілуге тиіс. Құрықты Ақтау порты сияқты толыққанды логистикалық кластерге айналдыруымыз қажет», деді мемлекет басшысы.