фото: kursiv.media
Илон Маск енді X/ Twitter пайдаланушылары үшін ай сайынғы төлем болатынын хабарлады.
Әлеуметтік желінің қазірде 550 миллионға жуық ай сайынғы пайдаланушылары бар. Мұндай ауқымды аудиторияға ие желінің «үлкен бот әскерлерімен» күресу үшін «ай сайынғы төлемге ауысатыны» баяндалды.
Дегенмен, Маск төлем құнын ашып айтқан жоқ. Әлеуметтік желі пайдаланушылары төлем түрінен, төлем құнына кіретін қосымша мүмкіндіктер жайынан бейхабар қалды. Шынайы қолданушы саны немесе бот құрамы, саны мен көірісіне қатысты түсініктеме де берілмеді.
Ақпараттық арналардың басым бөлігін уысында ұстаған айтулы кәсіпкер қазіргі уақытта X/Twitter-ді ай сайын 550 миллион адам қолданып, 100-ден 200 миллионға дейін хабарлама жасайтынын айтты.
Естеріңізде болса, SpaceX бас атқарушы директоры Илон Маск Twitter-ді (қазіргі – X) сатып алған кезде, оған 1 млрд доллар несие берген болатын.
Қазан айының соңында Маск Twitter-ді, шамамен, 44 миллиард долларға сатып алды. Маск бірден кадрлық қысқарту жүргізді және платформада түбегейлі өзгерістер жасады. Ол қазір компанияны ең ірі акционер, техникалық директоры және атқарушы төрағасы есебінде басқарады. Мұнымен қоса, Илон Маск Tesla автомобиль өндірушісі мен SpaceX аэроғарыштық компаниясының бас директоры екені белгілі.
Жалпы, Tesla кәсіпорнын ашуға сол аймақтағы біраз елдер үмітті екенін айтқан едік. Мәселен, дүйсенбіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған компанияның бас директоры Илон Маскпен кездесіп, зауыт салуға қолқа салғаны туралы ақпарат тарады. Кездесу барысында экономика, жаңа технологиялардың жай-жапсары сөз болып, саясаткер миллиардерді Түркияда жетінші Tesla электромобиль зауытын ашуға шақырды.