Жаңалықтар

Мысыр Қазақстан бидайын сатып алу үшін БАӘ-нен қаражат сұрап отыр

зерно
Фото: shutterstock

Мысыр Қазақстаннан бидай сатып алу үшін ұаражат сұрап, Абу-Дабидегі банкпен несие желісі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Агенттікке Мысырдың бұл жоспары жайлы үш трейдер айтқан.

Бұл орайда Қазақстан бидайы Ресей бидайына балама бола алады. Бұған дейін бұл ел Ресейдің арзан бидайымен қоймаларын толтырып жүрген. Алайда жақында Ресей бидайды бейресми ең төменгі бағадан да төмен сатып алу туралы келісімге тосқауыл қойып тастады. Содан кейін Мысыр нарықтың басқа арналарын іздестіре бастаған.

Мысыр әлемдегі ең ірі бидай сатып алушы ел саналады. Алайда елде шетел валютасының тапшылығына байқалуда. Сол себепті мемлекет импорттық шығындарды азайтуға мәжбүр, Бұл өз кезегінде бидай төлемінің кешіктірілуіне әкеп соқты.