Жаңалықтар

Әлемдегі қандай курорттық қалаларда баспана жалдау Алматыдан арзан?

Фото: Shutterstock/CASABLANCA

numbeo.com сайтының дерегіне сүйенсек, Алматы қаласында тұрғын үй жалдау бағасы бір жылда 63 пайыз: айына 218 мыңнан 356 мың теңгеге дейін қымбаттады. Шетел қалаларымен салыстырғанда, баға біршама өскен. Осы ретте бірқатар курорттық қалаларда үй жалдау Алматыдан да арзан шығып тұр.

Екі жыл бұрын (2021 жылдың күзінде) ауданы 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтерді оңтүстік мегаполисте айына 120 мың теңгеге жалға алуға болатын еді. 2022 жылдың күзінде ресейліктердің жаппай көшуі бағаны шарықтатып жіберді. 1 бөлмелі пәтерді 200 мыңнан кем таппайтынсың. Ал 2023 жылдың күзінде риэлторлар студия немесе шағын бір бөлмелі пәтерді 250 мың теңгеге жалға алудың өзін сәтті келісім деп атады. numbeo.com порталының дерегі де осыны растайды, 246 мы теңгеге Алматының шет аудандарынан үй тапсаң, ал оталықтағы 1 бөлмелі пәтердің бағасы 350 мыңнан асып жығылады.

Жалдық ақы қымбаттаған жалғыз Алматы емес. Түркияның Анталиясында жалға берілетін баспана 92%-ға, Солтүстік Кипрдің Фамагуста қаласында 102% қымбаттаған. Десе де Еуропа, Таяу Шығыс, Азия мен Оңтүстік Американың көптеген курорттары мен астаналарында баспана жалға алу Адматыдан біршама арзан.

Қай курортта баға арзан?

Баспананы Қызыл, Қара, Эгей, Каспий және Жерорта теңізі жағалауларында Алматыдан әлдеқайда арзан жалға алуға болады.

Батумиде жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы ($599) Алматыдан (746 доллар) 20% төмен. Алайда бір жыл бұрын Қара теңіздегі грузин курорты жалдық ақы бойынша Алматыдан алда болған.

Эгей теңізінің жағасындағы Салоникиде үйді жалға алу бағасы – 509 доллар. Астанамен салыстырғанда айына 32% немесе 237 долларға арзан.

Түркиядағы рекордтық инфляцияға қарамастан, кейбір жергілікті демалыс орындарындағы пәтерлер әлі де Алматыдан арзан. Измирде 41% үнемдей отырып, орталықтағы үйді 306 долларға жалға ала аласыз. Алания мен Фетхиенің орталығында жалдау ақысы Алматымен салыстығанда біршама төмен – $732–734. Әзірбайжан астанасы Бакуде Каспий теңізінің жағасындағы пәтерлер одан да арзанырақ – айына $394.

Қазақстандықтар арасында танымал Шарм-эль-Шейх курортында жеке жағажайлар мен маржан рифтері бар бес жұлдызды қонақүйлер ғана емес, жалға берілетін пәтерлер де бар. Оның үстіне, қала орталығындағы жалдамалы баспананың орташа құны айына небәрі 261 долларды құрайды.

Ал Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы Тунистегі пәтер айына $233 тұрады.

Атлант мұхитының жағасындағы Касабланкада бар пәтер жалдау айына 453 доллар тұрады, бұл Алматының орталығындағы бағадан арзан.

Ал Үнді мұхитының жағасында, Гоадағы кокос пальмалары мен құмды жағажайлардың жанында тұру, мысалы, Алматы орталығымен салыстырғада үш есе дерлік арзан (257 доллар).

Тропикалық Тайландта да жалға берілетін баспана Алматыдан арзанырақ болады. Таиланд шығанағының шығыс жағалауында орналасқан Паттайяда айына 450 долларға пәтер жалдауға болады. Қардай аппақ жағажайлары, пальма тоғайлары мен плантациялары бар Пхукет аралындағы тұрғын үй сәл қымбатырақ – айына $493.

Малайзияның Пенанг аралында (447 доллар) және Куала-Лумпур мегаполисіндегі (468 доллар) баға 37–40 пайыз төмен.

Дүние жүзіндегі халқы ең көп мегаполистердің бірі – Джакартада жалға алу ақысы Алматыға қарағанда үштен бір есе арзан. 10 миллионнан астам халқы бар Индонезияның басты қаласында жалға берілетін тұрғын үйдің орташа құны 479 долларды құрайды.

Тіпті Еуропаның өзінде жалға алу бағасы Қазақстанның ең ірі мегаполисіне арзан курорттық қалалар көп.

Албанияның астанасы Тирананың аудандары Осман, неміс және кеңестік сәулет өнерінің үйлесімімен ғана емес, тұрғын үй бағасымен де таң қалдырады. Қала орталығында айына 517 долларға пәтер жалдауға болады. Бұл Алматыдағы бағадан бір жарым есе дерлік арзан.

Черногориядағы Адриатика жағалауында одан да арзан табуға болады. Мысалы, ел астанасы Подгорицада пәтер жалдау орташа есеппен $513 тұрады.

Ал Сплит курортындағы (Хорватия) Диоклетиан сарайының қирандыларының жанындағы пәтерді Алматыдағыдан біршама арзан – 571 долларға жалға алуға болады.

Еуропаның оңтүстігіндегі Болгарияның София қаласынд жалдау ақысын біршама үнемдей аласыз. Онда тұрғын үй айына 484 долларға жалға беріледі. Қара теңіз жағалауында, Варна курорттық қаласында пәтердің бағасы 377 долларды құрайды.

Алматының қақ ортасынан тұрғын үйді жалға алуға мүмкіндігіңіз болса, Испанияның да бағасы қолжетімді. Мысалы, Еуропадағы танымал тау шаңғысы курортынан 30 шақырым жердегі Сьерра-Невада тауының етегінде, Гранадада 653 долларға баспана жалдай аласыз.

Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда. Баспана жалдау ақысын үнемдеу үшін шекара асу шарт емес. Алматы – Қазақстандағы баспана жалдау ақысы ең қымбат қала. Басқа қалаларда баға 2,2-3,6 есе арзан.

Шымкенттің орталығында баспана жалдау айына орта есеппен 344 долларды құрайды, .Қазақстанның астанасы Астананың орталығында баға салыстырмалы түрде арзан – айына $234.

Қонаевта тұрғын үйді жалға алу 2023 жылдың күзіне қарай 315 долларға дейін өсті. Бағаның көтерілуіне Қазақстанның ең ірі мегаполисі – Алматының жақын орналасуы, жаңа әкімшілік мәртебе (бұл мемлекеттік қызметкерлердің келушілерден жалға алу сұранысын арттырды) және Қапшағай теңізінің жағасындағы қаланы дамытудың жаһандық жоспарлары (құрылуы) ықпал етті.