Қытай осы жылы Қазақстанның шикі мұнайын импорттауды 9,3%-ға азайтқан. Бұл жайлы ERI_Monitor телеграм арнасы жазды.
Телеграм арнасының жазуынша, Қазақстаннан Қытайға мыс және катодты мыс сияқты тауарлардың экспорттық жеткізілім көлемі 24,3%-ға яғни 1,3 млрд долларға дейін және шикі мұнай 9,3%-ға, 2,6 млрд долларға дейін төмендеген.
Ал жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 19,0 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ке жоғары екен. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд болларды құраған.
Бұл орайда ҚХР-ның жалпы тауар айналымындағы үлесі 21%-ды құрап отыр. Қазақстаннан Қытайға баратын экспорт 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2,1%-ға өсіп, 9,0 млрд долларға жеткен.
Атап айтқанда мыс кендері мен концентраттары 24,7%-ға,яғни 1,7 млрд долларға дейін, уран 56,9%-ға 553,1 млн долларға, бидай 20,9 есе, яғни 110,2 миллион долларға, арпа 4,1 есе, 102,4 миллион долларға, өңделмеген мырыш 2,7 есе, яғни 116,7 млн долларға, газ 9,4%-ға 735,2 млн долларға дейін экспорт көлемі артқан.
2023 жылғы қаңтар-тамызында Қытайдан Қазақстанға импорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,5%-ға өсіп, 10,0 млрд долларды құраған. Жалпы импорт көлемі жеңіл автомобильдер есебінен артып отыр. Жеңі автокөліктер импорты бұл жылы 8,3 есе өсіп, 549,9 млн долларға жеткен. Сонымен бірге аяқ киімнің бөліктері импорттау 17,2 есе өсіп, 191 миллион долларын, автомобильдерге арналған шанақ жеткізілім 4,6 есе артып, 218,7 млн долларын, телефон аппараттарының импорты 14,2%-ға жетіп, 651,4 млн долларын құраған.