Фото: kursiv.media
2024 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғанда тағайындалатын төлем мөлшері 7 пайызға өседі. Ол әлеуметтік сақтаныру корынан төленеді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Бұл қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Оған қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
1 шілдеден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем мөлшері 14,5%-ға артқан еді.
Бұл әлеуметтік төлем еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға беріледі. 29 наурызда өткен Парламенттің бірінші сессиясының ашылуы кезінде мемлекет басшысы осы санаттағы тұлғаларды қолдау шараларын күшейту қажеттігіне тоқталған.
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл 4 млн 400 мың азамат мемлекеттен 4 трлн 700 млрд теңгеге қолдау алған.
«Бюджет шығысын қарасақ, бюджеттің 40%-ға жуығы – 8,5 трлн теңге әлеуметтік қолдауға жұмсалады», – деді премьер-министрдің орынбасары.