Жаңалықтар

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау жеңілдейді – АШМ

Фото: kursiv.media

АШМ өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау процестерін жеңілдетеді. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындаған.

Құжатқа сәйкес «электрондық егістік карталары» алып тасталады. Солайша субсидиялау процестері оңтайланады.

Бұған дейін қолданыстағы ережелерге сәйкес өсімдік шаруашылығын субсидиялау «электрондық егістік картасының» болуын талап ететін, ол бойынша фермерлер субсидия алуға өтінім бергенге дейін егіс айналымын толтыруы керек болатын.

Өсімдік шаруашылығында 2023 жылы сатып алынатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, тыңайтқыштардың және жоғары сапалы тұқымдардың көлемі ұлғаяды. Сәйкесінше, субсидиялау көлемі де артады. Өйткен 110 мың өтінім келіп түскен, оның ішінде 85 миллиард теңгеден астам сомаға өтінім мақұлданған. Қолданыстағы ережелерге сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін «егістік карталарды» жүзеге асыруды уақытша тоқтатылды.

«Бұл ретте, жағдайды талдау бұл форматтағы «электрондық егістік картасының» функционалдық та, практикалық та мәні жоқ, тек субсидиялау рәсімдерін қиындатады. Осыған орай, министрлік «электрондық егістік картасын» жою және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (МЖҚ ААЖ) автоматты түрде шығарылатын жер учаскелерінің аумақтарын сақтау арқылы өсімдік шаруашылығын субсидиялау процестерін жеңілдетуді ұсынады. Препараттар пен тұқым сатып алудың өзі электронды шот-фактуралармен расталады және блокталады», делінген хабарламада.

«Егістік картасына» және ауыспалы егіске оралу ҚР АШМ тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін цифрландыру, «Қазақстан Ғарыш Сапары» дақылдарын тану спектрін кеңейту және өсімдік шаруашылығында қадағалау жүйесін енгізу аяқталғаннан кейін мүмкін болатынын хабарлайды министрлік.