USAID әкімшісі Саманта Пауэр Орталық Азия елдеріне іссапармен келеді. Бұл жайлы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
«Саманта Пауэр 23-24 қазанда Өзбекстанға сапар шегіп, аймақтық қарым-қатынастар бойынша бірінші С5+1 министрлер конференциясын шақырады және осылайша АҚШ үкіметі аймақтың тәуелсіздігі, егемендігін сыйлап, көркеюіне қолдау көрсетуге ниетті екенін көрсетеді», делінген хабарламада.
С5+1 2015 жылдан бастап АҚШ үкіметінің Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен өзара әрекеттесуі үшін негізгі дипломатиялық платформа қызметін атқарады.
Министрлердің бұл кездесуі осы платформаны нығайтды көздейді. Бес елдің министрлігі бірігіп, аймақтық байланыс пен егемендікке, саудаға, экономикалық өсуге және кәсіпкерлікке баса назар аудара отырып, Орталық Азиядағы инклюзивті және тұрақты экономикалық дамуды ынталандыру үшін нақты әрекеттер қабылдайтын болады. Сонымен бірге климат пен энергетика мәселесі, оның шешу жолдары және жастарғу мүмкіндік беру мәселелері талқыланатын болады.