Владимир Анатолийұлы Ким «First Heartland Jusan Invest» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.
«Пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, инвестициялық қорлардың басқарушы компаниясы болып табылатын «First Heartland Jusan Invest» АҚ (Астана) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2023 жылдың 18 қазанындағы шешімімен В.А. Ким компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғанын хабарлады», – делінген хабарламада.
Енгізілген өзгеріс нәтижесінде «First Heartland Jusan Invest» АҚ Директорлар кеңесі үш адамнан тұрады: Владимир Ким, Ерке Нұркенов және Санжар Жамалов.
Владимир Ким компания басшылығына біраз үзілістен кейін оралған. 2021 жылдың қарашасында Ким компанияның басқарма төрағасының орынбасары қызметінен кеткен болатын.
Сонымен қатар компания биржаға өз акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесін ұсынды Қазіргі кезде омпанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 110 000 000 дананы құрайды. Оның 19 934 411 жай акциялары орналастырылған;
First Heartland Jusan Invest қазіргі кезде өзінің 996 720 акциясын кері сатып алған. Компанияның орналастырылған акцияларының бес және оданда жоғары пайызын «First Heartland Jusan Bank» АҚ иеленеді. Оның меншігінде 18 937 691 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 95,00 %) бар.
«First Heartland Jusan Invest» АҚ – БЖЗҚ инвестициялық портфелін басқарға құқығы бар 5 компанияның бірі.
Бұған дейін брокерлік компания директорлар кеңесінің басшысы ауысқаны хабарланған.
Кадрларды ауыстыру туралы шешімді Жалғыз акционер — Jusan Bank қабылдаған. Нұрдәулет Айдосовтың орнына директорлар кеңесінің жаңа төрағасы First Heartland Securities (Jusan Bank негізгі акционері) басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Ерке Нүркенов тағайындалған еді.