Еліміздің Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде биіктіктен құлау салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.
24 қазан күні екінші ауысымда «Жыланды» кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді. Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады.
Нәтижесінде барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының «медициналық орталығына» жіберілді.
Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді.
Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі-делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері анықталуда.
Компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта екі қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді.
«Қазақмыс» – Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. Компанияның құрамында 10 кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар. «Қазақмыс» кенді өндіруді және оны тауарлық металға өңдеуді жүргізетін өндірістік объектілерді басқарады.