Фото: ҚМГ
2023 жылдың 9 айында «ҚазТрансОйл» АҚ-на тиесілі «Батуми мұнай терминалы» мен 100% акциясын басқаруға айрықша құқығы бар «Батуми теңіз портында» ауыстырып тиелген жүк көлемі 2 млн 570 мың тоннаны құраған. Соның ішінде экспортқа женелтілген мұнай көлемі 189 мың тоннаға азайып, ал газ көлемі 23 пайыз артқан. Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 189 мың тоннаға азайып, 86 мың тоннаны құрады. 961 мың тонна мұнай өнімдері ауыстырылып тиелді. Есепті кезеңде қазақстандық газды ауыстырып тиеу көлемі 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы 135 мың тонна көрсеткіштен 166 мың тоннаға дейін өсті (23%-ға арттырды). Құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 357 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 мың тоннаға артық», делінген хабарламада.
Бұл портта 2022 жылы 7,6 млн тонна жүк ауыстырылып тиелген, бұл 2021 жылы осы мерзімдегі көрсеткіштен 1,3 млн тоннаға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. БМТ мұнай, мұнай өнімдерін және газ, сондай-ақ олардың өңделген өнімдерін қайта тиеу, айдау, сақтау бойынша өз айлақтарын, технологиялық құбырларды және резервуарларды пайдалана отырып қызмет көрсетеді. БМТ-ның бәсекелестік артықшылығы сонда – ол мұнай мен мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін (соның ішінде сұйытылған мұнай газын) сақтай алады және қайта тиейді.
Бұған дейін ҚТО «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 778 мың тоннаны құрағанын хабарлаған. Бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 275 мың тоннаға аз.
Сонымен қатар қазақ мұнайы «Адриа» мұнай құбыры арқылы Балқан мен Шығыс Еуропа елдеріне тасымалдануы мүмкін екенін жазғанбыз.