![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/11/17842c13-66f9-4b9f-b79b-e30794c1c4bd-1024x706.jpg)
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2023/11/photo_2023-11-03_18-01-04-1024x624.jpg)
«Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.
Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды»-делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.