Жаңалықтар

1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтарға Байқоңыр қаласына кіруге берілетін рұқсат қағазын рәсімдеу жеңілдейді

байконур
Қазақстандықтардың Байқоңыр қаласыны кіруі жеңілдейді /: advantour.com; shutterstock

1 желтоқсаннан бастап, қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу жеңілдейтін болады. Бұл туралы Қазақстан президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай айтты.

«Қазір Байқоңырдың халқына қонақ келетін болсын 10 күн бұрын өтініш жазып, комиссиядан рұқсат алу керек еді. Бұл Ресеймен өзара келісім», – дейді Qyzylordatv арнасына сұқбат берген Қазақстан президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай.

Оның айтуынша, Ресеймен өзара келісім қайта қаралып, қазақстандықтардың қалаға кіру ережесін өзгерту туралы ұсыныс жіберілген. 1 желтоқсаннан бастап, пилоттық режимде жұмыс істейтін жаңа ережеге сай, қала кіре берісіндегі тексеру пунктінде Қазақстан тарапынан бір қызметкер отырып, ел азаматтарын кіруге рұқсатты бірден жасап беретін болады.

«Байқоңыр» кешенін жалға алған 27 жыл ішінде Ресей Қазақстан бюджетіне 3 млрд доллардан аса немесе жыл сайын 115 млн доллар доллар төлеген. Тараптар мүддесін ескере отырып, 2004 жылы кешенді жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған.

Қыркүйек айында кешенді жалға беру құны өседі деген ақпарат тараған. Алайда Цифрлық даму, аэроғарыш және инновациялар министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.