Сауд Арабиясы ОПЕК+ келісіміне сәйкес, желтоқсан айында мұнай өндіруді тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қысқартуды жалғастырады. Бұл жайлы елдің энергетика министрлігі хабарлаған.
Бұған дейін ерікті қысқарту бастапқыда шілде айына дйін жоспарланған, кейін тамыз бен қыркүйекке дейін ұзартылды. Содан кейін Сауд Арабиясы өндірісті қысқартуды жылдың соңына дейін ұзартатынын, бірақ бұл шешімді ай сайын қайта қарап отыратынын жеткізген. Ал желтоқсан айында Сауд Арабия әмірі алдағы жылы қысқарту жалғасатыны немесе, өндірісті арттыратынын хабарлауы мүмкін.
Сауд Арабиясы нәтижесінде желтоқсан айында мұнай өндіруді жалпы алғанда тәулігіне 9 млн баррельге қысқартпақ. Әмірлік хабарламасында 1 миллион баррельге ерікті түрде қысқарту шешімі сәуір айында қабылданған өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқарту туралы келісімге қосымша қабылданып отырғаны айтылған. Осылайша, корольдік өндірістің жалпы қысқартуды тәулігіне 1,5 млн баррельге жеткізбек.
Әмірліктің энгергетика министрлігінің хабарлауынша қосымша қысқарту мұнай нарығындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтауға бағытталған.
Еске сала кетсек, Сауд Арабиясының мұнай экспортының көлемін тамыз айында соңғы 28 айдағы ең төменгі деңгейге жеткізді. Бұл ел экспорт қарқынын бес ай қатарынан баяулатқан. Атап айтқанда, тамыз айында мұнай көлемі шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 95 мың баррельге төмендеп, тәулігіне 8,92 миллион баррельге жеткен. Коммерциялық қорлар 4,16 миллион баррельге өсіп, жалпы 150,89 миллион баррельді құраған.
Венадағы соңғы кездесудің қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдері мұнай өндірудің жалпы деңгейін 2024 жылдан бастап тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін түзетуге келісті.
Қазақстан да мамыр айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқартатынын хабарлаған.
Кейін елімі 2024 жылға дейін мұнай өндірісі көлемін азайтуды жалғастыратынын мәлімдеді.
4 қазанда бейнеконференция форматында ОПЕК + бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 50-ші отырысында 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған келісімнің маңыздылығы айтылды.