Jusan банктің еншілес компаниясы III тоқсан қорытындысы бойынша қанша дивиденд төленгенін хабарлады
Jusan банктің еншілесі «First Heartland Jusan Invest» АҚ биыл үшінші тоқсанда 18 203 доллар дивиденд төлеген. Бұл туралы компанияның Kase-де ұсынған есебінде жарияланды.
Банктің үшінші тоқсандағы дивидендтері екінші тоқсаннан төмен. Екінші тоқсанда есептелген дивиденд 19 395, 13 доллар(қазіргі бағаммен – 9 058 495 теңге), төленген дивиденд 19 347, 85 доллар(9 036 413 теңге) болса, үшінші тоқсанда есептелген дивиденд 18 278,13 доллар(8 536 800 теңге), төленген дивиденд 18 203,89 доллар(8 502 126 теңге) болды. Екінші тоқсанда «allGA»аралық инвестициялық қоры есебімен бір пай 7,64 доллар(3 568 теңге) болса, үшінші тоқсанда бір пай құны 7,20 доллар(3 362 теңге) болған.
Үшінші тоқсандағы дивидендтер акционерлерге 26 қазан мен 8 қараша аралығында түсті. Осыған дейінгі төлем тамыз айында жүргізілген.
Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы алты айында Jusan банк актив ауқымы 29,6%-ға қысқарған болатын, ал ІІІ тоқсанда компания активтері 4,7%-ға, яғни 46,1 млрд теңгеге дейін өскен.
28 қыркүйекте First Heartland Jusan Invest брокерлік компаниясы директорлар кеңесінде ауыс түйіс болған.
24 қазанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк басшыларына дивиденд төлеуге тыйым салу туралы жобаны қарастырып жатқанын жариялаған.