«Біз Қазақстанның оңтүстігінде 3 орыс тілді мектеп салу мәселесін талқылауды бастадық», деді РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде.
Алексей Оверчук барлық деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыру және жұмысты бірлесіп атқару үшін орыс тілі қажет екенін айтты.
«Қазір біз тілмашсыз, мағынасы мен мәнін жоғалтпай сөйлесіп, бір-бірімізді түсініп отырмыз. Біз Қазақстандағы орыс тіліне деген қызығушылықты көріп отырмыз. Бұл мұны Үкіметаралық комиссия отырысында жан-жақты талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасы үшін алғыс білдіреміз. Құжатқа биыл 13 қазанда ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды», – деді РФ Үкіметі төрағасының орынбасары.
Бұған дейін ТМД елдері аясында орыс тілін қолдау және ілгерілету жөніндегі ұйым құрылатынын, Қазақстан орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы келісімге қол қойғанын хабарладық.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру идеясы Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатына балама жасау ниетінен тумағаны туралы мәлімдесін жариялаған едік.
Алексей Оверчук Ресейде Қазақстанның 60 мыңнан астам студенті оқитынын атап өтті.
«Соңғы уақытта Қазақстанда Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің, Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалдары ашылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында Қазақстанда Ресей ауылшаруашылық университетінің филиалын ашу мәселесін талқыладық. Бұл мәселені алға ілгерілетеміз», – деп қорытты сөзін РФ Үкіметі төрағасының орынбасары.