Жаңалықтар

Жылына 3000% табыс уәде еткен қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Организатора финпирамиды экстрадировали в РК
Фото: kursiv.media

Қаржы мониторингі агенттігі еліміздің 10 өңірінде «Eolus» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты істерді тергеп жатыр. Бұл жайлы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, қаржы пирамидасы салымшылар тарту мақсатында Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынш жұмыс жүргізген.

Салымшылар санын арттыру мақсатында компанияның расымен жұмыс істейтінін дәлелдеу мақсатында ұйымдастырушылар Қазақстан азаматының атына «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ін тіркеген.

Қаржы пирамидасының шартына сәйкес салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5% – ға дейін пайда көріп отырған. Ал жаңа пайдаланушыны тіркегені үшін салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4% төленіп отырған. Осылайша, сыйақы сомасы 3000% құраған.

Салымшылар ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдап, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастау жүргізіп, соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударып алып отырған.

«Қаржы пирамидасына 3 000 адам тартылған. Оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берді. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы, елеміз бойынша қаржы пирамидаларынан келген залал 12,2 млрд теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе артық. Оның ішінде жеке тұлғаларға келтірілген залал 12,1 млрд теңге болса, заңды тұлғаларға келітірлген залал үлесі 176,7 млн ​​теңге.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері бұл ботқа 3511 өтініш түскен.

Былтыр 2021 жылмен салыстырғанда, қаржы пирамидалары туралы қылмыстық істер 3 есеге өсіп, 32-ден 72-ге дейін жеткен. Бұл жайлы ҚР қаржылық монторинг агенттігінің басқарма басшысы Өмірсерік Тажмағанбетов мәлімдеді.