Freedom Holding Corp. екінші тоқсанындағы кірісі үш есеге жуық ұлғайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Freedom Holding Corp. II тоқсан үшін есебін жариялады / shutterstock және wikimedia commons

2023 жылдың II тоқсанында Freedom Holding Corp. кірісі $435,6 млн теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңдегі кірістен үш есеге жуық көп, былтырғы кіріс $180,1 болған.

Осы тоқсанда 142% немесе $255,5 млн түсімнің негізгі өзгерістеріне бірнеше фактор әсер еткен:

Холдингтің пайыздық кірістері 261%-ға немесе $154,1 млн-ға артты.  Бірінші тоқсандағыдай, бұл бағалы қағаздар меншікті портфелінің, сондай-ақ, банк тарапынан берілген қарыздарының ұлғаюымен байланысты. Сонымен қатар, екінші тоқсанда брокердің клиенттері маржиналды несиелеу арқылы өз позицияларын қаржыландыра отырып, белсендірек сауда жасауды жалғастырды.

«Сатылымдағы бағалы қағаздарынан түскен таза пайда 464%-ға немесе $41,8 млн-ға ұлғайды. Есепті кезең ішінде Freedom Holding Corp. сатылымдағы бағалы қағаздары бойынша $41,1 млн мөлшеріндегі пайда түсті. Осы пайданың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің борыштық бағалы қағаздарын сату есебінен түсті. Сондай-ақ холдингтің 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес сатылмаған бағалы қағаздар бойынша позицияларға байланысты жүзеге асырылмаған таза пайдасы $9,7 млн болды. Бұл пайданың басым бөлігі жоғарыда аталған министрліктің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ борыштық бағалы қағаздарына тиесілі»-делінген холдинг таратқан хабарламада.

Сақтандыру қызметінен түскен кіріс бизнестің осы бағытының кеңеюіне байланысты 121%-ға немесе $31,8 млн-ға өскен.

Ақпаратқа сәйкес, комиссиялық кірістер 34%-ға немесе $28,5 млн-ға өсті. Бұл өсімге Paybox Technologies және оның еншілес компанияларда төлемдерді өңдеуден алынған табыс және төлем карталарына қызмет көрсету көлемінің ұлғаюы әсер еткен.

2024 жылдың екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. шығыстары 154%-ға немесе $182,6 млн-ға ұлғайды. Холдинг дерегінше, бұл өзгерістерге бірнеше фактор әсер еткен:

пайыздық шығыстардың $98,5 млн-ға немесе 241%-ға ұлғаюына  осындай қаржыландыру көлемінің кеңеюіне байланысты РЕПО келісімдері арқылы қысқа мерзімді қаржыландыру бойынша олардың ұлғаюы, сондай-ақ клиенттердің депозиттері бойынша пайыздық шығыстардың өсуі әсер етті;

Жалақы мен бонустарға жұмсалатын шығыстардың 22,8 млн немесе 132%-ға өсуі холдинг қызметінің кеңеюіне және тұтастай алғанда жалдау мен сатып алу есебінен жұмыс күшінің артуына әсер еткен.

Холдингтің таза пайдасы $115,4 млн-ға жетті. Акциялардың 58,5 млн данасы  FRHC  бір акциясына шаққандағы пайда $1,97 болған. Басқа жиынтық кіріс $10,3-тен $87,8 млн-ға дейін ұлғайған.

Холдингтің активтері 2023 жылдың 31 наурызымен салыстырғанда 40%-ға – $5,085 млн-нан $7,138 млн-ға дейін өскен. Міндеттемелер 44%-ға – $4,314 млн-нан $6,224 млн-ға дейін ұлғайған.2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша холдингтің брокерлік клиент шоттарының саны 434 мыңға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз