Жаңалықтар

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың отбасы сол «қорқынышты түннің» куәгерлерін іздейді

Фото:instagram.com/aitym

Қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасы куәгерлерді іздеп қазақстандықтарға жүгінді. Оның жақындары сол «қорқынышты түннің» куәгерлерін іздейді және ақпаратпен бөлісуді сұрайды. Өтінішті журналист Болат Аманбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Нүкенованың туыстары 9 қарашада BAU мейрамханасында сол «қорқынышты түн» туралы қандай да бір ақпаратқа ие болуы мүмкін куәгерлерді іздейді.

«Қазіргі уақытта сол түнгі қылмыстың қалай өрбігені бүге-шігесіне дейін нақтылануда.

Біз осы қылмыстың куәгерлері бар және олар қылмысты ашуға көмектеседі деп сенеміз.

Егер осы қылмыс туралы қандай да бір ақпараттар мен айғақтарды білсеңіз полицияға немесе біздің қорғаушыларымыз: И О. Вранчев және Ж.М. Оразбақоваға хабарласуыңызды сұраймыз.

Егер сіздің қылмыстық іске қатысты маңызды ақпаратыңыз болса, бірақ жеке басыңыздың қауіпсіздігі үшін секеміңіз болса, сізге заң жүзінде мемлекет тарапынан қорғау кепілдігі болады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нүкенованың отбасы қазақстандықтарға жылы лебіздері мен жанашырлығы үшін алғыс білдірді.

«Қызымыз Салтанаттың айуандықпен өлтірілуіне байланысты көңіл білдіргендеріңізге шын жүректен алғысымызды айтамыз.

Сіздердің жазған қолдау пікірлеріңізді, шалған қоңырауларыңызды, хабарламаларыңызды, білдірген көңілдеріңізді көріп отырмыз»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «ерекше алғыс» білдірді, ол «бұл жағдайға бей-жай қарамай, Бишімбаев жасаған қылмысты тергеу барысын ерекше бақылауға алуды тапсырды».

«Аса қатігездікпен жасалған бұл қылмыстық істі жеке бақылауына алған ел Президентіне ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бүгінгі күні тергеу органдары тарапынан қылмысты ашу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

Президенттің пәрменімен бұл оқиға ерекше тергелетін іс болып тіркелді»,- делінген жазбада.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев болуы мүмкін: Астанада кісі өлтірді деген күдікпен ер адам қамалды.

Бишімбаев түрмеден ерте шықпағанда, ол қыз тірі қалар еді, оқиғаға әділетсіз сот кінәлі – журналист.

Күдікті Бишімбаев 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.