Қаржы пирамидасын құрғаны үшін Қазақстанда іздеу жарияланған азамат Грузия аумағында ұсталды.
Тергеу ісіне сәйкес, аталмыш қаржы пирамидасы қазақстандықтарға 3,6 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар.
«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы Грузия аумағында ұсталды», – деп хабарлады Бас прокуратура.
Қазіргі уақытта ведомство күдіктіні экстрадициялау мәселесін шешуге тырысып жатыр.
Осыған дейін салымшыларды 1,2 млрд теңге шығынға батырып, Украинада жасырынып жүрген «LIDER» қаржы пирамидасының басшысы елге қайтарылғанын хабарлаған едік.
Бұған дейін «Елімай-2019» тұтыну кооперативін ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар 6 және 10 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.