Жаңалықтар

Polymetal акционерлері жаңа акция алмасу келісімін мақұлдады

Polymetal акционерлері жаңа акция алмасу келісімін мақұлдады / shutterstock, freepik және polymetalinternational.com

Polymetal акционерлері Ресейдің орталық депозитарийіне қарсы санкциялар нәтижесінде бұғатталған акциялардың жаңа алмасу келісімін мақұлдады.

Интерфакс хабарлауынша, ресейлік депозитарийлерге қарсы санкциялардан зардап шеккен акционерлерге акция алмасу жөніндегі ұсыныс жасалған. Олар АХҚО биржасында (AIX) шығарылған жаңа қағаздарға айырбас жасап, дивиденд алып, акционерлік құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Polymetal қазірдің өзінде акцияларды айырбастаудың екі траншын жүргізді. Жалпы алғанда, депозитарийде сақталған 22% қағаздың шамамен 8%-ын сатып алды. Акциялардың 14%-ы айырбастау критерийлеріне сәйкес келмеді. Polymetal АХҚО-ға қайта тіркелгендіктен, енді 14% акционерлер алмасу процессіне қатысуға мүмкіндік алды. 

Алмасуға мүмкіндік беретін акцияларды компанияның шотына аудару мерзімі – 2024 жылы 30 қыркүйекте аяқталады.

Осыған дейін Polymetal Джерси штатынан Астана халықаралық қаржы орталығына редомициляция процессін 7 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырғаны туралы жазғанбыз. 

Жалпы компания  Қазақстанға шілденің ортасына қарай толық көшіп болуы керек болған. Алайда компания редомициляцияға қажетті шарттарды орындап жатыр, қайта құруға байланысты процестердің кешігуі нәтижесінде жоспарланған кестеге үлгере алмай жатқанын хабарлап, көшуді 31 шілдеден кейінгі мерзімге жылжытқан болатын.  

Polymetal International plc  компаниясы тамыз айында Джерси оффшорлық аралынан Астана халықаралық қаржы орталығына көшу жұмыстарын толық аяқтаған.

Polymetal – Ресейдегі ең ірі күміс және алтын өндірушілердің бірі. Холдингтің кәсіпорындары Магадан және Свердлов облыстарында, Хабаровск өлкесінде, Якутияда, Чукоткада және Қазақстанда орналасқан.