
Алматы қаласының білім басқармасы ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді деп хабарлады.
««Қазгидромет» ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында қолайсыз ауа райы жағдайы күтілетінін хабарлайды (13 желтоқсанда түнде қатты аяз 23-25 градус, ал 14 желтоқсанда түнде қатты аяз 25-27 градус). Осыған орай ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсанында 0,1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптар мен ережелерге сәйкес қашықтан оқыту форматына көшеді»-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астана қаласының мектептері мен ЖОО-лары аязға байланысты қашықтан оқуға көшірілді деп хабарладық.