Жаңалықтар

Уран қымбаттағанына қарамастан, “Қазатомөнеркәсіп”  акцияларының бағасы төмендеп барады

«Қазатомөнеркәсіп» уранның қымбаттағанын елемей жатыр. Бұл туралы  Freedom Broker компаниясының күн сайынғы шолуында жазылған. 

KASE индексі кеше 0,1% ғана шамалы өсім көрсеткен. «Қазақтелеком» акцияларының қымбаттауы анағұрлым  салмақты. Kaspi мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниялары акцияларының  0,4-0,5%-ға арзандауынан асып түсе алмады.

Ал Лондон қор биржасында Ұлттық атом компаниясының акциялары шикізат бағасы қымбаттағанына қарамастан, құбылмалы болып тұр. 

«Қазатомөнеркәсіп»  ҰК бағалы қағаздары LSE-де 7,2% арзандап, 14-15 желтоқсандағы өсімін жоғалтып алды.  Сарапшылардың айтуынша, жергілікті теріс болжам орындалды. 

Алайда компания өндіретін шикізат – уран қымбаттауын жалғастырып жатыр. Кеше жақын арадағы фьючерстік келісімшартқа баға белгілеуі тағы 2,2%-ға өсіп, бір фунт үшін 89,2 долларды құрады.

Салыстырар болсақ, ұлттық атом компаниясының GDR-ның  бағасы 2021 жылғы қарашадағы ең жоғары деңгейінен 22%-ға төмен. Ал уран 2021 жылғы қыркүйектегі бағасынан тағы 75% қымбаттаған. Соған қарамастан, кеше «Қазатомөнеркәсіп» сияқты уран компаниялары әлсіз динамика көрсетті. URA және URNM қорлары 3,5% және 4,2% төмендеді. URNM диаграммасы тіпті біраз уақыттан бері ETF-ті қолдап келе жатқан 50 күндік жылжымалы орташа мәннің төмендегенін байқатады.

Бұған дейін Freedom Broker «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алуға кеңес берген еді.

Қарашаның соңында компанияның акциялары Лондон қор биржасындағы сауда-саттықта 3,43% жоғалтқан болатын. Ол кезде сарапшылар компания бағалы қағаздарының еш себепсіз 3,4%-ға төмендеуі (уран ETF-тері айтарлықтай құлдырамады) жергілікті «жазық трендке» көшу белгісі болуы мүмкін деп тұжырымдаған.

Сонымен қатар, қарашаның басында KASE мен Лондон қор биржасындағы сауда-саттықта Ұлттық атом компаниясының акциялары біршама арзандағаны бар  Ол уақытта сарапшылар компанияның жақында жарияланған өнеркәсіптік есебі аса жаман емес деген еді Бұл есепте компания өндірісі 1 пайызға қысқарғанын хабарлағанымен, алдағы уақытқа арналған өндірістік болжамы жақсы.

27 қарашада компанияның 2023 жылдың III тоқсанындағы қаржы есебі жарияланды. Осы есепке сәйкес, уран бағасы қымбаттағанымен, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 9 айдағы пайдасы 1,7%-ға азайған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акцияларының 75%-ы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі, қалған бағалы қағаздары еркін айналымда: KASE-де 0,67% және Лондон қор биржасында (LSE) 24,33%-ы депозитарлық қолхаттар арқылы айналымда жүр.