Басқалардың жарнасы арқылы салымшыларын байытуға уәде берген «Свой дом» қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты. Олар салымшыларға 49 млн теңге шығын келтірген.
Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Қаржы пирамидасын құрғандар басқалардың жарнасы арқасында салымшыларды байытпақ болғаны анықталды. Олар инвесторларға салған ақшадан 40% пайда алуға уәде берген.
Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылып, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін «Елімай-2019» тұтыну кооперативін ұйымдастырушы ерлі-зайыптылар екі жыл бойы 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден асатын қаражатын заңсыз пайдаланғаны әшкере болған.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылған.
Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалған.