Жаңалықтар

Екпені ерікті салдыру нормасы заңнан алынып тастала ма – Денсаулық министрінің жауабы

Фото: kursiv.media

Денсаулық сақтау министр Ажар Ғинаят үкіметтегі баяндамасында елде екпе алмағандар қатарының артуына 2015 жылы заңға ата-аналар баласына екпе салдырудан бас тарта алады деген норманың енгізілуі әсер етті деп мәлімдеді.

Осы ретте журналистер министрден «қазіргі жағдайға байланысты министрлік ерікті екпе нормасын алып тастағысы келмей ме» деп сұрады.

Ажар Ғинаят ондай жоспар жоқ екенін айтты. Қазіргі кезде аурурдың алдын алу шараларын жүргізіліп жатыр және бірі елдегі эпидахуалға байланысты болады.

ДСМ басшысы Қазақстанның жеті облысында, соның ішінде Астанада қызылшаға қарсы екпемен қамту деңгейі төмен екенін айтып өтті.

Қызылшамен ауырғандардың саны қанша? Үкімет отырысында министр соңғы 15 жылда елімізде қызылша үш рет: 2005, 2015 және 2019 жылдары таралғанын айтты. Былтыр қызылша қайта тарала басталды. 2023 жылдың соңына қарай 29 648 адам қызылша жұқтырса, оның 80 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Үкімет қызылшаға қарсы қанша екпе сатып алды? 2023 жылдың қыркүйегінде қызылшаның өршуіне байланысты үкімет қызылша, қызамық және паротитке қарсы 1,5 млн вакцина сатып алды. Қараша айында дәрігерлер қосымша екпе егу жұмысын жүргізе бастады.

«Қазіргі кезде 930 мыңнан астам адам қосымша екпе салдырған. Халықтың 62 пайызы қамтылған, 20 мыңнан астам адам күн сайын екпе алады»,– деді Гиният.

Қай өңірлерде жағдай тұрақталды? Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында қызылша ауруы бойынша жағдай тұрақталған. .

Сонымен қатар Шымкент, Жамбыл және Ұлытау облыстарында қызылша ауруымен ауырғандар азайған.

2023 жылы желтоқсан айында Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында бір жасқа толмаған 2 сәби қызылшадан қайтыс болды.