2023 жылы Каспий құбыр консорциумының шоғырландырылған кірісі 2,3 млрд долларды құраған. Ал «КҚК-К» АҚ таза табысы 77 млрд теңге болған. Бұл жайлы Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань айтты.
Консорциум басшысы 2023 жыл компания тарихындағы мұнай тасымалдау көлемі бойынша рекордтық жыл болғанын атап өтті.
«Жалпы 63,5 миллион тонна мұнай тасымалданды. Оның 56 миллион тоннасы қазақстандық жүк жөнелтушілерден келген. Ал 2024 жылы 70 млн тоннадан асатын мұнай тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Оның 10 пайызы Ресей мұнайы болса, 60 млн тоннадан астамы – Қазақстан мұнайы. 2024 жылға Қазақстанның мұнай өндірушілері қандай көлемде мұнай жөнелтетіні туралы жоспарын ұсынды. Біз ол көлемді жөнелтуге дайынбыз», – деді Горбань.
КҚК басшысы сонымен бірге консорциумның рекордық көрсеткіштерге жетуіне мұнай «КҚК-Қазақстан» АҚ тарапынан мұнай жөнелтілімдерінің апатсыз жүзеге асырылғаны себеп болғанын айтты.
«КҚК-Қ» апатсыз 1,7 млн адам/сағатына жұмыс істеді, сондай-ақ ауыр апатсыз 3,4 млн км автомобиль тасымалы жүзеге асырылды. «КТК-Қ» АҚ-да бұл көрсеткіштер сәйкесінше 12 миллион сағат және 28 миллион шақырымды құрады»,- деді консорциум басшысы.
Ол теңіздегі дауылдар тасымалдаудың жоспарлы уақытта жүзеге асырылуына кедергі келтіргеніне қарамастан, жалпы жылдық жоспар орындалғанын мәлімдеді.
«2021 жылы ауа райына байланысты 16 күнтізбелік күнге консорциум жұмысы тоқтап қалған болатын. Ал 2023 жылы консорциум жұмысы ауа райына байланысты 27 күн тоқтап қалды. Статистикаға үңілсек, теңіздегі дауылдар да көбейген. Мәселен, 2015 жылы теңіздегі дауыл 60-75 күн болса, 2023 жылы Қара теңіздегі дауылды күндер саны 111-ге жеткен. Бірақ соған қарамастан, жылдық жоспарды орындай алдық»,– деді компания өкілі.
Осы орайда КҚК шоғырландырылған кірісі 2,3 млрд долларды болған.
«2023 жылғы КҚК шоғырландырылған кірісі 2,3 млрд доллар. «КТК-К» АҚ шоғырландырылған кірісі 460 миллион долларды немесе 210 миллиард теңге болды. Нәтижесінде «КҚК-К» АҚ таза табысы 77 млрд теңгеге жетті. Ал бір жылдағы салық төлемдері шамамен 80 млрд теңгені құрады»,– деді Горбань.
Ал 2024 жылға қарай тасымалданатын мұнай көлемінің артуына байланысты бұл көрсеткіштер өседі. Алдын ала болжамға сәйкес, КҚК шоғырландырылған кірісі 2,5 миллиард долларға дейін артады деп күтілуде. Оның ішінде «КҚК-Қ» акционерлік қоғамының болжамды шоғырландырылған кірісі 236 млрд теңгеге жетіп, таза пайдасы – 92 млрд теңге көлемінде болуға тиіс. Ал салық шегерімдері – 48 млрд теңге мөлшерінде болады деп болжанады.
Сонымен бірге консорциум басшысы «КҚК-Қ» АҚ акционерлеріне алғаш рет дивиденд төленгенін айтты.
«2023 жылы КҚК акционерлері дивиденд ретінде 1,34 миллиард доллар алды. Соның ішінде Консорциум алғаш рет Қазақстан Республикасындағы «КҚК-К» АҚ акционерлеріне 93,5 млн АҚШ доллары көлемінде аралық дивидендтер төледі»,– деді КҚК басшысы.
Николай Горбань 2024 жылы мұнай тасымалдау бойынша тарифтер өспейтінін мәлімдеді. Бұл мәселе акционерлер жиналысында көтерілмегенін, сондықтан бағалар көтерілмейтінін атап өтті.
Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында 2024 жылға қарай КҚК-ның өткізу мүмкіндігін жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Айта кету керек, КҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты. Бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» 80%-дан астамы тасымалданады.
КҚК құбыр жүйесі – ТМД елдеріндегі шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылған энергетика саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз – Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 км құрайды. Қазақстанның жалпы экспорттық мұнайының үштен екі бөлігінен астамы осы бағыт бойынша тасымалданады. Сонымен қатар құбыр арқылы Каспий теңізінде орналасқан ресейлік кен орындарынан да шикізат тасымалданады.
ҚКҚ акционерлері: «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлік басқару) ұсынған Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік – 24%, «КТК Компани» – 7%, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.