Дональд Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл марапатқа оны АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Клодия Тенни ұсынды. Бұл туралы Fox news сайты хабарлады.
Клаудия Теннидің айтуынша, Трамп 2020 жылы Авраам келісіміне қол қоюға көмектескені үшін марапатқа лайық.
«Дональд Трамп Таяу Шығыста шамамен 30 жылдағы алғашқы жаңа бейбіт келісімдерге делдалдық жасауға көмектесуде маңызды рөл атқарды. Ондаған жылдар бойы бюрократтар, сыртқы саясат «кәсіпкерлері» және халықаралық ұйымдар Таяу Шығыста Израиль-Палестина қақтығыстарын шешпейінше, қосымша бейбіт келісімдер жасау мүмкін емес деп санайды. Президент Трамп мұның өтірік екенін дәлелдеді»,– деді Тенни Fox News Digital-ке берген мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, Трамптың дипломатиялық және экономикалық қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған істері лайықты бағаланбады.
Айта кетейік, Трамп бұған дейін бұл марапатқа бірнеше рет ұсынылды.
Эстония парламентінің мүшесі Яак Мэдисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды.
Саясаткер Трамптың кандидатурасын соңғы 30 жылда ел басқару қызметі кезінде соғыс бастамаған АҚШ-тың тұңғыш президенті екеніне байланысты ұсынғанын түсіндірді.
«Сонымен қатар оның басшылығымен Таяу Шығыста бірқатар бейбітшілік туралы келісімдерге қол қойылды, бұл аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесті. Біз Нобель сыйлығын кім алатындығын көреміз», – деп жазды Мадисон Facebook-те.
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап Ослода жыл сайын беріледі. Нобель қорының жарғысына сәйкес кандидаттарды әр түрлі елдердің ұлттық парламенттері мен үкіметтерінің мүшелері, халықаралық соттардың мүшелері, университет ректорлары, Норвегия Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.
Еске сала кетейік, Трамп биыл сайлауға қатысады. АҚШ-тың экс- президенті Трамп президенттікке үміткер республикашылар арасында көш бастап тұр. Мұны Ақ үйдің басшысы демократ Джо Байден де мойындады деп хабарлаған болатынбыз.
Ол сөзінде Украина мен Газадағы соғысты шешуге уәде берді.
Оның негізгі қарсыластары Рон ДеСантис пен Никки Хейли өз нәтижесін оң бағалады, бірақ олар Трамптан әлдеқайда артта.
Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті үшінші дүниежүзілік соғыс жақындады деп ескерткен болатын.
Республикалық саясаткердің пікірінше, АҚШ Джо Байденнің әкімшілігі кезінде «әлсіз және тиімсіз мемлекетке» айналды.