Қазақстандықтар 1 ақпаннан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаға есептелетін қаражаттың көлемін біле алады.
kids.enpf.kz сайтында онлайн-сервис іске қосылады. ЖСН бойынша баланың бағдарламаға қатысатынын тексеруге болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ата-аналар міндетті түрде өз балалары туралы деректердің дұрыстығын, сондай-ақ eGov.kz. порталының жеке кабинетіне енгізілгенін тексеру қажет.
2006 жылы және одан кейін туған барлық балалар жыл сайын ҚР ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа есеппен алынады. Барлық бала есепті жыл үшін бірдей сома алады.
kids.enpf.kz сервисі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Шамамен $100 (45 мың теңге) есептелгенін көрсетіп тұр.
Бағдарлама бойынша барлық балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50% есептеледі. Қаражатты балалар 18 жасында алады.
Еске сала кетейік, Президент 29 маусымда ҚР Ұлттық қорындағы қаражаттың бір бөлігін қазақстандық балалардың есебіне төлеу жөніндегі жарлыққа қол қойды.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржысын басқару тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлығында:
«Нысаналы талаптарға төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы жинақтарды аударуға және төлеуге байланысты төлемдер түрінде жүзеге асырылады. Нысаналы талаптар деп Үкіметтің 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы міндеттемелері түсініледі. Жыл сайын ҚРҰБ-ның есепті жыл алдындағы 18 жыл үшін орташаланған инвестициялық табысының 50%-ы және есепті жылдың алдындағы 18 жыл үшін орташаланған инвестициялық табыстың осы сомаға жыл сайын есептелетін міндеттемелері кіреді», – делінген.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа дейінгі балаларға төлем доллармен төленетіні белігілі болды.
Былтыр қыркүйек айында Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау заңын қабылдады.
Біршама уақыттан соң, Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалар арасында тең бөлінетіні жарияланды.
Айта кетейік, Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 7 млн адам ақша ала алады.
Бұған дейін Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясындағы алғашқы ақша балалардың шотына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап түсетінін жариялады.