Жаңалықтар

Қаракөлде қырылған аққулар: Rixos қонақүйіне қарсы әкімшілік іс қозғалды

проверка
Rixos қонақүйіне қарсы әкімшілік іс қозғалды/ Фото: shutterstock

Rixos Aktau қонақүйіне Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуы аясында аймақтың экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеруден кейін, әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Lada сайты хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, тексерістің нәтижесінде қонақүйдің экология заңнамасын бұзғаны анықталған.

«Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» және «Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу» баптары бойынша іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Rixos Aktau қонақүйіне Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуына қатысы

Еске сала кетсек, Қаракөл көлінде 800-ден аса аққудың қырылуына байланысты қонақүйді жоспардан тыс тексеру басталды деп хабарладық. Желіде қонақүйден Қаракөл көліне қара сұйықтық құйылып жатқаны көрсетілген видео тарады.

Экологтар аққулардың өліміне аты аталған мекеменің қатысы бар-жоғын анықтап жатқан. Су сынамасы алынды, зерттеу, талдау жұмысы жүріп жатыр. Соңғы дерек бойынша жағадан 826 құстың өлексесі табылды.

«Қаракөл көлінде аққулардың өлу фактісіне байланысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті тергеу ісіне қатысып жатыр. Зертханалық-сараптамалық бақылау қызметкерлері Қаракөл көліне құятын су қоймаларына жүргізілген мониторингтік зерттеу барысында Қаракөлге ағызылатын судан ластаушы заттардың артық мөлшерін анықтады. Осы дерек негізінде Rixos Aktau компаниясына жоспардан тыс тексеру басталды», – деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жомарт Әлиев.

Оның айтуынша, Rixos Aktau-да тексеру аяқталғаннан кейін тәртіп бұзушыларға қатысты шара қабылданып, әкімшілік іс қозғалады.

Ақтауда аққулардың жаппай қырылуы жалғасты. Бұған дейін 826 құстың өлексесі табылды. 18 қаңтардағы жағдай бойынша өлген құстың саны 1 018-ге жетті.

41 аққудың жансыз денесі Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан, қалғаны Қаракөл көлінен табылды.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев экоактивистерімен және Алматыдан шақырылған орнитологтармен кездесті.

Орнитолог, Қазақстан құстарды қорғау одағының және Мензбирлік орнитологиялық қоғамының мүшесі Виктория Ковшардың болжамынша, өлген аққулардың саны өсуі мүмкін.

Аққулардың өлімін құс тұмауымен байланыстырған орнитолог Каспийде аурудың бұл түрі жиі кездесетінін жариялады. Сонымен қатар ол осыдан 2 жыл бұрын аққудың қара бас күлкі мен чеграва тұқымдарының жаппай қырылғанын еске салды.

«Сол кезде аққулардың өліміне мұнай қалдықтарын төгу себеп болды деп есептелгенмен, үкіметтік комиссия олардың құс тұмауынан қырылғанын анықтады», – деді орнитолог.

Азамат Сәрсенбаев 2 қаңтарда Қаракөл көлінде аққулардың жаппай өліп жатқанын хабарлады.

Ал бір күн өткен соң, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мәлімдеме жасап, олардың құс тұмауынан қырылып жатқанын хабарлады.

«2023 жылдың 21 желтоқсанында Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Қаракөл көлінде қорғау шараларын жүргізу кезінде 30 аққудың (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген) өлгенін анықтады. Осы факті бойынша қорық пен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары ҚР ЭТРМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринария ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлген аққулардан құс тұмауының вирусы анықталған», – делінген хабарламада.

Департамент мәліметі бойынша 2024 жылғы 2 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 227 өлі аққу табылған. Оның 132-сі ветеринариялық заңнамада белгіленген тәртіппен жойылса, 2024 жылдың 3 қаңтарында 95 аққуды жою жоспарланған

Айта кетейік, аққулардың қырылып жатқаны 2023 жылы желтоқсан айының соңында белгілі болды. Блогер Азамат Сәрсенбаев 2 қаңтарда Қаракөл көлінде аққулардың өліп жатқанын жариялаған болатын. 2024 жылғы 2 қаңтарда 227 өлі аққу табылды.

Экологтар Қаракөл көліндегі аққулардың қырылу себебін анықтады.

Мамандар Қаракөл көлінің су сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын хабарлады.

«2023 жылдың 21 желтоқсанында Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Қаракөл көлінде қорғау шараларын жүргізу кезінде 30 аққудың (Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген) өлгенін анықтады. Осы факті бойынша қорық пен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары ҚР ЭТРМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринария ұлттық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлген аққулардан құс тұмауының вирусы анықталған», – делінген хабарламада.