Клиент кредит алудан ерікті түрде бас тартса, банк пен микроқаржы ұйымының несие беруіне тыйым салынады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Банктер клиенттің несие алудан ерікті түрде бас тартқанын тексеруге міндетті. Фото: hutterstock.com

Банктер мен микроқаржы ұйымдары клиенттің кредит алудан ерікті түрде бас тартқан-тартпағанын тексеруге міндетттеледі. «ҚР кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы Ашық НҚА порталында орналастырылған.

Құжат 18 ақпанға дейін ашық тақылауда болады. Қаулыны ҚНРДА-ның Қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқығын қорғау департаменті әзірлеген.

Жоба «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жеке басты куәландыратын құжат көшірмесін талап етуге тыйым салу бөлігін жүзеге асыру үшін әзірленген. Сондай-ақ жеке тұлғалардың несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы белгіленбек.

Қаулы бойынша микроқаржы ұйымдарына микрокредит беру кезінде клиенттен жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін талап етуіне тыйым салынады.

Қаржы ұйымдары қарыз берер алдында клиенттің бұған дейін несие алудан ерікті түрде бас тартқан-тартпағанын тексеруге міндетті.

Егер жеке және заңды тұлға несие алудан ерікті түре бас тартса және ол кредит тарихында жазылса, банктер мен микроқаржы ұйымдар бұл тұлғаларға несие беруден бас тартуға тиіс.

Бұған дейін борышкерлердің несие тарихында оның несиеден ерікті түрде бас тартқаны жазылмайтын еді. Енгізілетін өзгеріске сәйкес, несие тарихында клиенттің несие немесе микрокредит алудан бас тартқаны жайлы ақпарат толық көрсетіледі.

Қаулының бұған дейінгі нұсқасында бұл тармақтар болмаған. Құжат «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ-мен келісілген.

Бұған дейін ҚНРДА ірі сомада тұтынушылық кредит беруге шектеу қоюды ұсынған.

Мадина Әбілқасымова елімізде жеке тұлғалар алған несиенің жалпы көлемі 18 трлн теңгені құрады дейді. Ал қарыз алушылардың саны 8 млн адамнан асқан.  Оның сөзінше, тұтынушылық кредит беру сегментінде соңғы 3 жылда өсім байқалған.

Сондай-ақ оқыңыз