Жаңалықтар

Қазақстандықтар наурызда бес күн қатарынан демалады

Қазақстандықтар наурызда бес күн қатарынан демалады / коллаж shutterstock

Наурыз айында Қазақстанда екі мереке — Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесі тойланады. Жалпы қазақстандықтар келесі айда 14 күн демалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі күнге артық. 

Электронды үкіметі сайтының мәліметіне сүйенсек, 8 наурыз жұмаға келеді. Сондықтан: бес күндік жұмыс аптасында азаматтар қатарынан үш күн демалады – 8, 9, 10 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі), алты күндік — 8 және 10 наурыз (жұма және жексенбі). 

Наурыз мерекесінде: бес күн қатарынан демалыс болады — 21, 22, 23, 24, 25 Наурыз (бейсенбіден дүйсенбіге дейін), алты күндік – 21-24 наурыз аралығында (бейсенбіден жексенбіге дейін). 

egov

2023 жылы наурыз айында демалыс аз болды: барлығы 12 күн. Наурыз аптаның ортасына түскендіктен, қазақстандықтар 21-23 наурыз аралығында қатарынан үш күн демалды, 24 наурыз жұма күні жұмысқа шықты.

Осыған дейін жалпы 2024 жылы қанша демалыс барын жазған едік. Осы жылы 366 күнге толып, 249 жұмыс күні мен 117 демалыс күні болады. Ең көп демалыс наурызда, ең аз демалыс сәуір айында. Ең көп демалыс наурызда. Бес күн жұмыс істейтіндер 17 күн жұмыс істеп, 14 күн демалады. 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

Айта кетейік, 2024 жылы Рамазан айы қашан басталып, Қадыр түні, Ораза айт пен Құрбан айт мерекелері қай күнге түсетінін жазған едік