Бюджетке 7 трлн теңге түспей отыр: Қаржы министрлігі бизнеске берілетін салық жеңілдігін қайта қарайды

Жарияланды
Шығарушы редактор
салық жеңілдігін
Салық жеңілдіктері қайта қаралады. Фото: kursiv.media

Қазақстан үкіметі кәсіпорындар мен жеке азаматтарға берілетін салық жеңілдігін қайта қарайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлім етті.

«Біздің есебіміз бойынша, 7 трлн теңге көлемінде салық жеңілдігі қарастырылған. Біздің міндетіміз оларды азайту, бірақ олар қалай саналған? Нөлдік мөлшерлемедегі ҚҚС-та салық жеңілдігі саналады, осы 7 триллион теңгенің негізгі бөлігін қамтиды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Мұны отандық экспорттаушыладың тікелей пайдасы немесе қолдау деп қарау керек пе? Мәселе сонда», – деді Тәкиев.

Министр жаңа Салық кодексі жобасында жеңілдіктерге арналған жеке бөлім енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Содан кейін Қаржы министрлігі салық жеңілдігін ала алатын тұлғалар тізімін жасамақ.

«Салық жеңілдігі қайта қарастырылады. Кейбір кісілердің жылдар бойы алып келе жатқан жеңілдіктерін қысқартамыз. Салықтық преференция бизнестің әлеуетін ашу үшін берілуі керек. Олар өндірісті ынталандыруға бағытталуы тиіс. Оның өзі уақытша беріледі», – деп түсіндірді Қаржы министрі.

Такиевтің айтуынша, қазіргі кезде 400-ге жуық түрлі салық жеңілдігі бар. Алайда оның жартысынан көбі әлеуметтік санатқа жататын азаматтарға берілген. 2021-2023 жылдар аралығында жалпы жеңілдік көлемі 9 трлн теңгеден 7 трлн теңгеге дейін қысқарған.

Такиев бюджет кірісі салық салу базасын кеңейту және ірі салық төлеушілерді бақылаудан артады деп мәлімдеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі жолдауындағы салықтық преференцияларды 20 пайызға қысқарту туралы тапсырмасын орындамағаны үшін үкіметті сынға алған болатын. Салық түсімдері мемлекеттік бюджет кірісінің төрттен үш бөлігін құрайды.

2010-2022 жылдар аралығында салықтардың ЖІӨ-ге қатынасы, тіпті Ұлттық қорға түсетін түсімдерді ескере отырып, 24-26%-дан 16-21%-ға дейін төмендеп кеткен.

Экономист Олжас Төлеуовтің айтуынша, салық саясаты бүкіл қатысушылар үшін әділ шарттармен сипатталуы керек.

Былтыр Мәжілісте депутат Әділ Жұбанов көптеген ірі компанияларға берілген салық жеңілдігін алып тастауды сұрады.

Жұбанов сонымен бірге экспорттушыларды ҚҚС қайтару арқылы субсидиялау тетігінің дұрыс жұмыс істемейтінін айтты. Оның айтуынша, ҚҚС қайтару шикізат экспорттаушыларды елде дайын өнім шығаратын зауыттарды салуға ынталандырмайды. Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ. 2005-2021 жылдар аралығында 543 миллиард теңге көлемінде ҚҚС қайтарып, бірде-бір дайын өнім зауытын салмаған

Сондай-ақ оқыңыз