Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты қызметінен босатуды қарастырып жатыр

Жарияланды 12 Қараша 2026 09:35

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: ASD

Nvidia директорлар кеңесі компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангты қызметінен босату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздеріне сүйеніп хабарлады. Reuters те кеңестің Хуангтың компаниядағы болашағын талқылау үшін жиналатынын жазды.

Бұған дейін, 8 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Хуангқа қатысты жарияланған ақпаратқа байланысты тәуелсіз тергеу басталғанын мәлімдеген. Сол кездегі ресми хабарламада кеңес оның өзіне және басшылық командасына сенім білдірген.

2026 жылғы 12 қарашадағы қолда бар ақпарат бойынша, Хуангты қызметінен босату туралы түпкілікті ресми шешім жарияланғаны расталған жоқ.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Nvidia акциясы 2,87 пайыздық өсім көрсеткенімен, пре-марккетте оның құны 7,14 пайызға дейін құлдырап, акция бағасы 161,28 долларға дейін арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз