Жаңалықтар

KASE алаңындағы пре-маркетте «Air Astana» қарапайым акцияларының сауда-саттық көлемі 409 млн теңгеден асты

«Эйр Астана» АҚ жай акциялары/Фото:shutterstocks

2024 жылы 9-14 ақпан аралығында KASE-де пре-маркет шеңберінде «Air Astana» қарапайым акцияларының жиынтық көлемі 409,3 млн теңгеге жетті. Яғни 352 190 акциямен 974 мәміле жасалды. Бұл туралы KASE-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Акция бағасы 1 074-1 275 теңге аралығында өзгерді. Соңғы мәміленің бағасы бір акция үшін 1 170 теңгені құрады. Бұл орналастыру бағасынан (1 073,83 теңге) 9,0% – ға жоғары», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Air Astana IPO-сы барысында әуе компаниясының акциясына $42 млн инвестициялады. Нәтижесінде банк әуе компаниясының 5 пайыз акциясына иелік етеді.

«ЕҚДБ сияқты ойыншының компания акционері қатарына қосылуы – инвесторлар үшін өте жақсы жаңалық. Өйткені біз ең жоғары рейтинг – AAA рейтингіне иеміз. Бұл инвесторлар үшін тұрақтылық пен тартымдылық факторы ретінде өте жақсы әсер етеді», – деді компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, IPO аясында Air Astana акцияларының нақты бағасы белгілі болды.

«Эйр Астана» АҚ әуе компаниясы IPO барысында алғашқы жария орналастыруға қатысты өтінімдер кітабын жинақтау аяқталғанын хабарлайды. Air Astana акцияларының нақты бағасы белгілі болды. Орналастыру бағасы 1 ғаламдық депозитарлық қолхат (ҒДҚ) үшін – $9,5 және қарапайым акция үшін 1 073,83 теңге (ҰБ ресми бағамына сай) деп белгіленген.

ҒДҚ базалық активі – компанияның қарапайым ациялары. Бұл ретте бір ҒДҚ-ның құны 4 (төрт) акция бағасына тең. Орналастыру бағасын негізге ала отырып, компанияның болжамдық нарықтық капитализациясы шамамен $847 млн құрайды.

Бұған дейін болжамды баға аралығы – бір қарапайым акция үшін 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін белгіленген. Ал 1 ҒДҚ құны 8,50 және 11,00 АҚШ доллары аралығында болуы мүмкін делінген.

Air Astana IPO аясында 141 млн қарапайым акциясын орналастырмақ деп хабарладық.

Эмитенттің қарапайым акциялары бойынша болжамды баға аралығы – бір қарапайым акция үшін 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін белгіленген.

«Акцияға ұсыныстың соңғы бағасы көрсетілген баға диапазонында болады. KASE-де акцияларды сатып алуға инвесторлардың өтінімдері теңгемен берілуге тиіс»,– делінген биржа хабарламасында.